Қазақстан парламенті "Ішкі су транспорты туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
0 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті  "Ішкі су транспорты туралы" заңды қабылдады

Қазақстан парламенті "Ішкі су транспорты туралы" заңды қабылдады

Бүгін, 10-маусымда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары "Ішкі су транспорты туралы" заң жобасы бойынша парламент палаталарынан құралған келісім комиссиясының шешімімен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Маусым 2004
  • 668
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң қабылданды деп саналып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Келісім комиссиясының шешіміне сәйкес, бірқатар ұғымдар мен терминдер нақтыланады. Сондай-ақ, кеме иесіне келтірілген шығын көлемі айқындалады. Мәселен, кеме қожайыны лоцманның кемшілігі салдарынан зардап шексе, жауапкершілікті ол жұмыс істейтін ұйым өзіне жүктеп алады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң ішкі су транспорты ұйымдары, су жіберушілер мен алушылар, жолаушылар, республиканың ішкі су жолдарын пайдалану барсында басқа да заңды және жеке тұлғалар арасында туындайтын қарым-қатынастарды реттеуге арналған. Заңда республиканың ішкі су ресурстарын кеме қатынасы мақсатында пайдалану тәртіптері, кеме қатынасына арналған гидротехникалық құрылғыларды пайдалану, жүк және жолаушы тасымалдау, кемелер мен басқа да жүзгіш құралдарды буксирге алу шарттары, сондай-ақ, айлақтың, кеме мен экипаждың мәртебелері айқындалған. Сонымен бірге заңда өзендердегі кеме қатынасын жүзеге асыруға байланысты шығындардың орнын толтыруға қатысты дау-дамайларды реттеу, еліміздің дербес кеме жасау регистрінің жобасын жасау да қарастырылған.