Бұл заң жобасында Халықаралық қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы, Халықаралық даму қауымдастығы, Азия даму банкі, Инвестициялық даму-дамайларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығы, Инвестицияларға көп жақты кепілдік беру агенттігі, Еуропалық қайта құру және даму банкі, Халықаралық валюта қоры секілді сегіз халықаралық ұйымның жарғылық құжаттарын бекіту қарастырылған.
Қазіргі жағдаймен Халықаралық қайта құру және даму банкінің жарғылық құжаттарының келісім баптарына дүниежүзінің 184 елі, Халықаралық қаржы корпорациясына 175 мемлекет, Халықаралық даму қауымдастығына 163, Азия даму банкіне 63, Инвестициялық даму-дамайларды реттеу жөніндегі халықаралық орталығына 134, Инвестицияларға көп жақты кепілдік беру агенттігіне 158 мемлекет, Еуропалық қайта құру және даму банкіне 60, Халықаралық валюта қорына 184 мемлекет қол қойған.
ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрінің орынбасары Наталья Коржованың айтуынша, халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарын бекіту әлем елдерімен етене жақын қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл елімізге келетін мемлекеттік және жеке меншік капиталдың халықаралық ағынын арттыруға, мемлекеттік кепілдіксіз инвестиция салу арқылы жеке меншік өндірістік кәсіпорындарды дамытуға және олардың аясын кеңейтуге, экономиканың басымдық берілген салаларындағы алға қойған мақсаттарды жүзеге асыруда халықаралық кеңесшілерді тарту мен халықаралық тәжірибені пайдалануға қолұшын беруге жәрдемдеседі.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.