Қазақстан парламенті мерзімді әскери қызмет мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті мерзімді әскери қызмет мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін заңды қабылдады

Қазақстан парламенті мерзімді әскери қызмет мерзімін қысқартуға мүмкіндік беретін заңды қабылдады

Бүгін, 29 - маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Әскери борыш және әскери қызмет туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2005
  • 548
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сенат енгізген түзетулер заң жобасының нормаларын республика заңнамаларымен сәйкестендіруге және құжаттың ұғымдар тізбесін нақтылауға бағытталған. Сенаттың түзетулері заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді.
Жалпы алғанда «Әскери борыш және әскери қызмет туралы» заң әскерилердің өздеріне жүктелетін қызметті атқаруына және Қазақстан азаматтарының әскери борышына қатысты негізгі принциптер мен нормаларды белгілейді. Заңда Қазақстан қарулы күштері, басқа да әскер түрлері мен әскери құрылымдар қатарында әскери борышын өтеудің жаңа мерзімі айқындалған. Мәселен, ендігі жерде мерзімді әскери борышын өтеуші қатардағы жауынгерлер 12 ай, ал әскер қатарына шақырылған офицерлер 24 ай қызмет ететін болады.
Сонымен бірге заңда белгілі бір әскери шенге қол жеткізу үшін қызмет ететін мерзім мен әскери қызметте болатын шектеулі мерзім айқындалған. Заң бойынша прапорщик (мичман), аға прапорщик (аға мичман), старшина, кемедегі аға старшина және кіші лейтенант тәрізді бұрынғы әскери атақтар алып тсталды. Бірақ осындай атағы бар әскерилер бұрынғы атағымен борышын аяғына дейін өтеп шығу құқығына ие болады.

Перейти к новостям спорта