Қазақстан парламенті Польша республикасымен арадағы кеден ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті Польша республикасымен арадағы  кеден ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Қазақстан парламенті Польша республикасымен арадағы кеден ісі саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекітті

Бүгін, 10-желтоқсанда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары

  • 10 Желтоқсан 2004
  • 505
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы парламентінің мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасы Үкіметінің арасындағы Кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісімді бекітті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Келісімде кедендік бақылауды жетілдіру саласындағы ынтымақтастық туралы, кедендік алымдар, салықтар мен басқа да төлемдердің дұрыс жиналуын қамтамасыз ету, кеден заңын бұзу оқиғаларын әшкерелеу және олардың алдын алу, өзара ақпарат алмасу және оқыту туралы қарастырылған.
Келісімде өзара мәліметтер мен құжаттар алмасу, тәжірибе алмасу, зерттеулер жүргізу, сондай-ақ, алынған мәліметтер мен құжаттарды пайдалану тәртіптері тиянақталған. Атап айтсақ, тергеу жүргізу барысында сұрау салынған кеден мекемесі ұлттық заңнама аясында жұмыс істейді, бірақ ол сұрау салған кедендік мекеме бсшыларының тексеру немесе тергеу ісіне қатысуына рұқсат бере алады.
Келісімге 2002-жылдың 24-мамырында Варшавада қол қойылған.
Келісімді бекіту туралы заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Перейти к новостям спорта