Қазақстан парламенті Қарағанды облысындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаға Ислам Даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті  Қарағанды облысындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаға Ислам Даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітті

Қазақстан парламенті Қарағанды облысындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаға Ислам Даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітті

Бүгін, 13-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында халық қалаулылары Қарағанды облысындағы ауылдарды сумен қамтамасыз ету жөніндегі жобаға Ислам Даму банкінің несиесін тарту туралы келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 13 Мамыр 2004
  • 503
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ауылдарды сумен қамтамасыз ету жобасы Қазақстан Республикасын әлеуметтік-экономикалық дамыту жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған индикативтік жоспарға қамтылған.

Жобаның мақсаты — Қарағанды облысындағы бірнеше ондаған ауыл тұрғындарының өмір сапасын, денсаулығы мен тазалық деңгейін жақсарту, оларды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету болмақ. Жоба бойынша көп шығынды талап етпейтін, қарапайым су қамтамасыздығы жүйелерін салу, сол арқылы облыстағы жағдайы осал елдімекендердің тұрғындарын үйлерінің маңында орналасқан колонкалардан шығатын таза ауыз сумен қамтамасыз ету көзделіп отыр.
Аталмыш жоба аясында облыстағы 94 елді мекенді сумен қамтамасыз ету жоспарланған. 2004-жылдан бастап жүзеге асырыла бастайтын жобаның жалпы құны 11,3 млн. долларды құраса, оның 9,451 млн. долларын (7 млн. ислам динары) Ислам Даму банкі, қалған 1,863 млн. долларын Қазақстан Республикасының үкіметі бөледі. Ислам Даму банкі бұл несиені 7 жылдық жеңілдетілген тәртіппен 25 жылға бергелі отыр. Несиеге қызмет ету құны жылына 2,5 процентті құрайды. Несие қаржысы құрылыс, жабдық сатып алу және ақыл-кеңес жұмыстарына жұмсалады. Несиені пайдаға жарату және оны қайтару міндеті ҚР қаржы министрлігіне жүктеледі.
Келісімді бекіту жөніндегі заң жобасы Елбасының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар