Қазақстан парламенті "Қазақстан Республикасында несиелік бюролар мен несиелік баяндар қорын құру туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
0 °C
Алматы
2025 Жыл
15 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті   "Қазақстан Республикасында несиелік бюролар мен несиелік баяндар қорын құру туралы" заңды қабылдады

Қазақстан парламенті "Қазақстан Республикасында несиелік бюролар мен несиелік баяндар қорын құру туралы" заңды қабылдады

Бүгін, 9-маусымда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары сенаттың "Қазақстан Республикасында несиелік бюролар мен несиелік баяндар қорын құру туралы" заң жобасына енгізген түзетулерімен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. Регламентке сәйкес, заң қабылданды деп танвлып, Елбасының қол қоюына жіберіледі.

  • 9 Маусым 2004
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заң жобасы елімізде несие алушылардың банкке тапсыратын мәліметтерінің дұрыстығы мен нақтылығын тексеруді қамтамасыз ететін Несиелік бюролар құруға бағытталған. Соның нәтижесінде несиені беру және оны рәсімдеу мерзімін қысқартуға, несие алушыларлың қосалқы шығындарының мөлшерін азайтуға, олардың несие алу мақсатында өзі туралы ақпараттар жинауға жұмсайтын шығындарын азайтуға, банктер мен несие алушылар үшін бәсекелі орта қалыптастыруға, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің өздері жайындағы несиелік мәліметтер жинағы қалыптастыру процедурасына қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету мүмкін болмақ. Заң жобасында қарастырылғанындай, несиелік бюролар несиелік баяндар дерекқорын электрондық технологиялардың көмегімен қалыптастырады.Соның нәтижесінде ақпарат беру, оны өңдеу және тұтынушыға беру жылдамдығы арта түспек. Аталмыш заң бойынша, несиелік бюролар заңды және жеке тұлғалардың қай-қайсысы туралы да мәліметтер базасын құра алады. Ақпарат жинаудың басты шарты — несиелік баян қорын қалыптастыру үшін субьектілер өздері туралы мәліметтерді несиелік бюроға беруге жазбаша түрде келісімін беруі тиіс.

Сенаттың түзетуі бойынша заң жобасынан несиелік бюролар құру құқығын ҚР Ұлттық банкіне беру жөніндегі норма алып тасталды.
Несиелік бюроның іс-қызметін жүзеге асыруға құқық беретін лицензияны тек сот қана кері қайтарып алады деген түзету енгізілді. Сондай-ақ, заң жобасына нақтылау сипатындағы өзгерістер қамтылды.

Перейти к новостям спорта