Қазақстан парламенті "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 518.39
  • 603.09
-8 °C
Алматы
2025 Жыл
11 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенті  "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын мақұлдады

Қазақстан парламенті "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын мақұлдады

Бүгін, 19-мамырда өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар

  • 19 Мамыр 2005
  • 745
Фото - Caravan.kz

«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

«Теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңға Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігіндегі аумақтық суларда жасанды аралдар салу мәселесін көліктегі уәкілетті органмен келісуге міндеттейтін норма енгізілді»,- деді палата отырысында түсініктеме берген ҚР көлік және коммуникация министрінің орынбасары Талғат Әбілғазин. Оның айтуынша, қазіргі жағдаймен Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінде жасанды 3 арал салынды. Алдағы уақытта тағы да осындай 20 арал жасау көзделіп отыр. «Бұл аралдар кемелердің жүрісіне кедергі келтіруде. Сондықтан олар навигациялық қорғау құралдарымен қоршалуы тиіс»,- деді вице-министр.
Сонымен бірге заңда «2010-жылға дейін Қазақстанның азаматтары болып табылмайтын адамдар Қазақстан кемелерінде капитан, аға көмекші сынды басқарушы лауазымдарды атқара алады» деп қарастырылды. Министр орынбасарының айтуынша, қазір елімізде «кеме капитаны қызметін атқаратын үш қана өз азаматымыз бар, бұл тіптен жеткіліксіз». «Алдағы бес жылда елімізде 280 кеме болады. Осы мерзімге дейін біз 560 капитанды дайындап шығуымыз қажет»,- деді т.Әбілғазин. «Оларды дайындау үшін 7-10 жыл керек. Бірақ біз алдағы 5 жылда елімізге қажетті кеме капитандарын оқытып шығарамыз деп ойлаймыз»,- деді вице-министр.
Заң мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Перейти к новостям спорта