Жарияланды: 580

Қазақстан парламенті ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі жөніндегі келісімді ратификациялады

Астана. 9 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Парламент сенатының депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "ҰҚШҰ-ның бітімгершілік қызметі жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл келісімнің мақсаты - ҰҚШҰ мен оған мүше мемлекеттердің халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау шараларына тиімді қатысуын қамтамасыз ету болып табылады", - деді заң жобасын таныстырған ҚР қорғаныс вице-министрі Болат Сембинов. Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорыытндысында атап көрсетілгеніндей, "келісімнің екінші бабына сәйкес ҰҚШҰ-ына мүше елдер бітімгершілік операцияларына қатысу үшін тұрақты бітімгершілік күштерін құруға тиіс". Бітімгершілік күштерді жасақтау үшін әр мемлекет өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес тұрақты бітімгершілік контингенттерін бөліп, олар ҰҚШҰ үшін біртұтас бағдарламалар бойынша дайындалады, біртұтас немесе бір-бірін алмастыра алатын қару-жарақ және байланыс құралдарымен жабдықталады, бірлескен тұрақты оқу-жаттығуларға қатысады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін