Қазақстан Парламентінің делегациясы Брюссельде болып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Парламентінің делегациясы Брюссельде болып қайтты

Қазақстан Парламентінің делегациясы Брюссельде болып қайтты

Қазақстан Парламентінің делегациясы НАТО халықаралық хатшылығының шақыруы бойынша 30-31 мамыр күндері Брюссельде сапармен болды.

  • 1 Маусым 2011
  • 420
Фото - Caravan.kz

Делегация құрамына кірген сенатор Рашит Ахметов, Мәжіліс депутаттары Сәт Тоқпақбаев пен Зейнолла Алшымбаев Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан депутаттарымен бірге, Солтүстікатлантикалық альянстың орталықазиялық өңірмен ынтымақтастығына арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты.

Шара барысында НАТО өкілдері, сондай-ақ қатысушылар Қазақстандағы қазіргі таңдағы саяси өзгерістермен, елімізде жүзеге асырылып жатқан индустриялық-инновациялық бағдарламамен, сондай-ақ ұлттық заңнамалардың жетілдірілу барысымен таныстырылды. Парламенттің Қазақстанның саяси өміріндегі артып отырған ролі атап көрсетілді.

Сондай-ақ парламентшілер альянстың штаб-пәтерінде бірқатар кездесулер өткізді, оның ішінде НАТО Бас хатшысының саяси мәселелер және қауіпсіздік жөніндегі көмекшісі Дирк Бренгельманмен кездесті. Жүздесулер барысында НАТО-ның қазіргі таңдағы қызметі, оның жаңа стратегиялық тұжырымдамасы, альястың ағымдағы операциялары және Ауғанстандағы қазіргі ахуал талқыланды.

Қазақстандық делегация сонымен қатар, Маршалл Қорының Брюссельдегі кеңсесінде осы ұйымның басшылығымен, Еуроодақ өкілдерімен кездесіп, ағымдағы саяси ахуал туралы сындарлы пікір алысты.

Соңғы жаңалықтар