Жарияланды: 400

Қазақстан парламентінің депутаттары АҚШ-тағы президент сайлауына байқаушы ретінде қатысады

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан парламентінің депутаттары АҚШ-тағы президент сайлауына байқаушы ретінде қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, "Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Әділ Ахметов пен Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты Светлана Бычкова 4 қарашада ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы миссиясының құрамында Америка Құрама Штаттарының президенттік сайлауына байқаушы ретінде қатысады". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін