Қазақстан Парламентінің депутаттары Түркияда өткен парламенттік сайлаудың байқаушылары болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Парламентінің депутаттары Түркияда өткен парламенттік сайлаудың байқаушылары болды

Қазақстан Парламентінің депутаттары Түркияда өткен парламенттік сайлаудың байқаушылары болды

Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс және Сенат депутаттары Ұзаққали Елеубаев, Жұмағали Төрегелдинов және Ерболат Мұқаев Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясы (ТҮРКПА) мен ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының атынан Түркияда өткен парламенттік сайлауды байқаушылар ретінде Анкарада болды.

  • 16 Маусым 2011
  • 373
Фото - Caravan.kz

Сайлау болған күні қазақстандық парламентарийлер Анкара қаласының сайлау учаскелеріне барды, дауыс беру үдерісімен танысты, басқа халықаралық ұйымдардың байқаушыларымен, елдің саяси партияларының өкілдерімен және түрік сайлаушыларымен кездесті.

Депутаттар Түркия Конституциялық сотының төрағасы Х.Кылычпен, Түркия сыртқы істер министрінің орынбасары Ф.Жейланмен, Түркия Республикасы Парламенті аппаратының басшысы А.О.Коджоймен, Анкара қаласының «Кечиорен» ауданының мэрі М.Акпен кездесулер өткізді, Түркия Республикасының негізін қалаушы М.К.Ататүріктің кесенесінде және Түркиядағы аса ірілердің бірі — Анкара қаласының Ұйымдастырылған өнеркәсіп аймағының (ҰӨА) өндірістік объектілерінде болды.

Соңғы жаңалықтар