Қазақстан парламентінің өкілдері мен РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Б.Грызловтың Мәскеуде өткен кездесуінде парламенттік үрдісті дамыту мәселесі талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламентінің өкілдері мен РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Б.Грызловтың Мәскеуде өткен кездесуінде парламенттік үрдісті дамыту мәселесі талқыланды

Қазақстан парламентінің өкілдері мен РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Б.Грызловтың Мәскеуде өткен кездесуінде парламенттік үрдісті дамыту мәселесі талқыланды

Кеше, 22-ақпанда мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай бастаған парламенттік өкілдер Мәскеуден оралды. Ресейлік әрістестерінің шақыруымен осы ел астанасына барған мәжіліс депутаттары Мемлекеттік думаның 10 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шараларға қатысты,- деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметінен.

  • 23 Ақпан 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

РФ Мемлекеттік думасының төрағасы Б.Грызловпен 21-ақпанда өткен кездесу сапар аясындағы маңызды оқиғалардың бірі болды. Қонақтарға сәлем бере сөз сөйлеген Б.Грызловтың атап көрсетуінше, «екі ел парламенті етене жақын қарым-қатынастар орната білді, заң шығарушы мекемелер қазір екі жақты негізде де және қазіргі бар парламентаралық барша ұйымдар құрамында да табысты ынтымақтастық орнатып отыр».

Жуырда ғана Ресейде өткен парламент сайлауы алдағы уақытта Қазақстанда да болатынын ескерген сұхбаттасушылар парламентаризмді дамыту және партиялық құрылым мәселесіне де баса назар аударды. Ж.Тұяқбай Мемлекеттік думаның сайлауында «Единая Россия» партиясының басқаларды ойсырата жеңіске жетуін «Ресейдегі саяси феномен» деп атады. Оның айтуынша, «сайлаудағы мұндай нәтиже бірінші кезекте тұрғындардың мемлекет жүргізіп отырған саясатқа деген кәміл сенімін білдірсе керек».
Б.Грызлов осы орайда «Единая Россия» партиясының бұл жеңісі үлкен жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. «Ендігі жерде елімізде қандай оқиға болмасын, оның жауапкершілігі бір ғана осы партияның мойнына жүктелетін болды. Мұндай үлкен талап қойылуы заңды да. Біз мұндай батпан жауапкершілікті көтеріп алудан тартынбаймыз»,- деді ол.
Өз кезегінде Ж.Тұяқбай ресейлік әріптесіне Қазақстан парламентіндегі заң шығару жұмыстары мен республикамыздағы партиялық құрылымның ерекшеліктері туралы баяндап берді.
Палата жетекшілерінің алдын-ала ұйғарымына сәйкес, Б.Грызлов шамамен биылғы жылдың мамыр айында елімізге ресми сапармен келетін болды. Б.Грызлов осы күндері Астанада өтетін ЕурАзЭҚ елдері парламентаралық ассамблеясының кезекті отырысына қатысады.
21-ақпан күні кешкісін мәжіліс өкілдері Мемлекеттік Думаның 10 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты. Ресейлік депутаттар мен қонақтар алдында Ресей Федералдық жиынының қос палатасының жетекшілері — Б.Грызлов пен Сергей Миронов баяндама жасады. РФ президенті әкімшілігінің төрағасы Дмитрий Медведев Владимир Путиннің жолдауын оқып берді. Онда Ресей мемлекет басшысы азаматтық қоғам мен демократияны дамытудағы парламентаризм рөлін айрықша атап өтті.

Соңғы жаңалықтар