Қазақстан парламенттік делегациясы Брюссельге жұмыс бабындағы сапармен барды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан парламенттік делегациясы Брюссельге жұмыс бабындағы сапармен барды

Қазақстан парламенттік делегациясы Брюссельге жұмыс бабындағы сапармен барды

Қазақстан парламенттік делегациясының Брюссельге (Бельгия) жұмыс бабындағы сапары барысындағы шараларда Орталық Азия аймағындағы мемлекеттерімен ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселері талқыланды.

  • 7 Маусым 2011
  • 461
Фото - Caravan.kz

Брюссельге НАТО Халықаралық хатшылығының шақыруымен келген Парламент депутаттары Рашит Ахметов, Сәт Тоқпақбаев, Зейнолла Алшымбаев талқылауға қатысты.

Пікірсайыс барысында қазақстандық парламентшілер еліміздің сыртқы және ішкі саясатындағы басым бағыттарды жүзеге асыру туралы жиналғандарды хабардар етіп, жоғары заң шығару органының қызметі туралы айтты.

Ауған мәселесіне қатысты талқылауға қатысушылар сол елдегі жағдайды реттеудегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды қалыптастыруға баса назар аударды. Осыған байланысты елді қалпына келтіру барысындағы халықаралық күш-жігерді қолдауға Қазақстанның қомақты үлесі аталып өтілді.

Жұмыс бабындағы сапар аясында қазақстандық парламенттік делегация НАТО өкілдерімен, оның ішінде Солтүстік Атлант Альянсі Бас хатшысының көмекшісі Д.Бренгельманнмен кездесті. Келіссөзге қатысушылар өзара тиімді әріптестіктің барлық бағыттары бойынша Қазақстан мен НАТО-ның іс-қимылының жоғары деңгейін атап өтті.

Маршалл Қорының Брюссель кеңсесінде болған «дөңгелек үстел» отырысы барысында Қазақстан мен Еуропа Кеңесінің, ЕҚЫҰ-ның ынтымақтастығын одан әрі кеңейту мәселелері де талқыланды.

Соңғы жаңалықтар