Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы «Парасат» орденімен марапатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы «Парасат» орденімен марапатталды

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы «Парасат» орденімен марапатталды

 

  • 7 Қаңтар 2018
  • 145
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы, Астаналық және Қазақстандық Митрополит Александр қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгін, 6-нан 7 қаңтарға қараған түні Алматы қаласындағы Вознесенский Кафедралды соборында христиан әлемінің басты мерекесі Рождествоға орай салтанатты шара өтті. Онда Қазақстандық және Астаналық Митрополит Александр мінажат ету рәсімін өткізді. Вознесенский соборындағы шараға қатысқан ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Рождество мерекесіне арналған құттықтау хатын оқыды.

Н. Ермекбаев өз тарапынан Православие шіркеуінің ел азаматтарының рухани өміріндегі маңызды рөліне тоқталып, оның еліміздегі бейбітшілік пен тыныштықты нығайтуға, қазақстандық қоғамның дамуына қосып келе жатқан үлесін атап өтті, делінген Facebook-тегі министрліктің хабарламасында. Сондай-ақ, министр Қазақстандағы православиелік христиан діні өзара түсіністік пен конфессияаралық диалогтың дамуына ықпал ететін, балаларды тәрбиелеуге және отбасы институтын нығайтуға айрықша көңіл бөлетін ықпалды мәдениет құраушы фактор болып табылатындығын атап өтті. Іс-шара барысында министр Мемлекет басшысының жарлығын орындау аясында Митрополит Александрға мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін жоғары мемлекеттік награда «Парасат» орденін табыстады. Кездесу соңында министр барша Православиелік христиан дінінің өкілдерін және отандастарды Рождество мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік және Қазақстан Республикасының игілігі жолында атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі.



 

Соңғы жаңалықтар