Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Премьер-Министрі Ә. Смайылов Қырғызстан Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы Ақылбек Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Caravan.kz порталы primeminister.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.

  • 13 Қаңтар 2022
  • 50
Фото - Caravan.kz

Қырғыз Республикасы Министрлер кабинетінің Төрағасы А. Жапаров Ә. Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтап, ҚР-да тұрақтылықтың тезірек қалпына келуіне және елдің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерінің табысты шешілуіне тілектестігін білдірді.

Тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін білдірді. «Қазақстан Үкіметі бауырлас Қырғыз Республикасымен стратегиялық серіктестікті тереңдету бағытын берік ұстанады», — деді Ә. Смайылов.

Екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.


 

Соңғы жаңалықтар