Қазақстан премьер-министрі "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өткізді
Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен кеше "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Кеңес барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) және "Электронды үкіметті" (ЭҮ) дамытудың әлемдік көрсеткіштері қаралды.
ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, "аталған жүйені қолдану Қазақстанда нәтижеге және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке анағұрлым бағдарланған "Электронды үкіметті" дамыту бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді".
Сонымен қатар, Қ. Есекеев бұл жеке жобаларға инвестиця тарту үшін, сондай-ақ осы заманғы әлемде Қазақстанның бәсекелестігіне ықпал ететін сапалы экономикалық негіздеме әзірлеуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.
Бұдан басқа, Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологияны және "Электронды үкіметті" дамыту жөнінде жедел және сенімді мәліметтер алу үшін АКТ және ЭҮ дамыту және жағдайын бағалау әдістемесі мен көрсеткіштер жүйесін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар қарастырылғаны атап өтілді.
АКТ және ЭҮ дамыту және жағдайын бағалау әдістемесі мен көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды атқару Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілетін болды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша мәліметтер жинақтауды ұйымдастыруды ҚР Статистика агенттігі жүзеге асырады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін