Қазақстан премьер-министрі "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан премьер-министрі "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өткізді

Қазақстан премьер-министрі "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өткізді

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен кеше "Электронды үкімет" мәселесі бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 10 Қазан 2008
  • 589
Фото - Caravan.kz

Кеңес барысында ақпараттық-коммуникациялық технологияны (АКТ) және «Электронды үкіметті» (ЭҮ) дамытудың әлемдік көрсеткіштері қаралды.

ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеевтің айтуынша, «аталған жүйені қолдану Қазақстанда нәтижеге және әлеуметтік-экономикалық тиімділікке анағұрлым бағдарланған «Электронды үкіметті» дамыту бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді».

Сонымен қатар, Қ. Есекеев бұл жеке жобаларға инвестиця тарту үшін, сондай-ақ осы заманғы әлемде Қазақстанның бәсекелестігіне ықпал ететін сапалы экономикалық негіздеме әзірлеуге мүмкіндік туғызатынын атап өтті.

Бұдан басқа, Қазақстанда ақпараттық-коммуникациялық технологияны және «Электронды үкіметті» дамыту жөнінде жедел және сенімді мәліметтер алу үшін АКТ және ЭҮ дамыту және жағдайын бағалау әдістемесі мен көрсеткіштер жүйесін әзірлеу жөніндегі іс-шаралар қарастырылғаны атап өтілді.

АКТ және ЭҮ дамыту және жағдайын бағалау әдістемесі мен көрсеткіштер жүйесін қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды атқару Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілетін болды.

Ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша мәліметтер жинақтауды ұйымдастыруды ҚР Статистика агенттігі жүзеге асырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар