Тараптар екі жақты қазақстан-латвия қарым-қатынастарының даму перспективалары мен жағдайын талқылады.
К. Мәсімов Қазақстан мен Латвия экономиканың әр түрлі салаларындағы экономикалық ынтымақтастықты белсенді дамыту қажеттігін, сондай-ақ бизнес өкілдері арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге әрекет етулері керек екендігін атап өтті.
Тараптар энергетикалық, көлік және ауыл шаруашылық саласындағы, ақпараттық және коммуникациялық технология, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, туризм мен спорт салаларындағы екі жақты экономикалық өзара қарым-қатынастарды дамытуға мүделілік білдірді.
Сонымен бірге Қазақстан мен Латвияның экономикалық өзара іс-қимыл әлеуеті тауар айналымы операциясынан сапалы өзара іс-қимылдың жаңа түріне — әр түрлі саладағы жүйелі инвестициялық жобаларды іске асыруға өтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
В. Затлерс келешекте «Қытай-Қазақстан-Ресей-Балтия» көлік дәлізін пайдалануда және іске асыруда қарқынды өзара іс-қимыл Қазақстан үшін — Еуропаға, Латвия үшін — Азияға қақпа ашатынын» атап көрсетті.
Кездесудің соңында тараптар Қазақстан-Латвия экономикалық қарым-қатынастарының келешектегі дамуы табысты болатынына сенім білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті