Қазақстан премьер-министрі ТМД үкімет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Кишиневке келді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан премьер-министрі ТМД үкімет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Кишиневке келді

Қазақстан премьер-министрі ТМД үкімет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Кишиневке келді

Кишинев. 14 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі ТМД үкімет басшыларының кеңесіне қатысу үшін Кишиневке келді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қараша 2008
  • 438
Фото - Caravan.kz

ТМД үкімет басшыларының кеңесінде Достастықтың 2020 жылға дейінгі экономикалық даму стратегиясы қаралады. Ол 2008 жылдың 10 қазанында Бішкекте өткен саммитте қаралған болатын.

Үкімет басшылары кеңесінің отырысында жалпы 35 құжаттың жобасы қаралады деп күтілуде.

Кеңес жұмысы басталғанға дейін Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Молдавия президенті Владимир Воронинмен кездеседі. Бұдан кейін кеңестің отырысы жеке және кеңейтілген құрамда өткізіледі. Сонымен бірге, Кәрім Мәсімов Украина үкімет басшысы Юлия Тимошенкомен кездеседі деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар