Қазақстан президенті 10-11-наурызда ресми сапармен Катар Республикасына барады - СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті 10-11-наурызда ресми сапармен Катар Республикасына барады - СІМ

Қазақстан президенті 10-11-наурызда ресми сапармен Катар Республикасына барады - СІМ

АСТАНА. 5-наурыз. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 10-11-наурызда ресми сапармен Катар Республикасына барады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 5 Наурыз 2007
  • 358
Фото - Caravan.kz

Келіссөздер барысында мемлекет басшылары өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты мәселелер кешені мен халықаралық және аймақтық өзекті мәселелерді талқылайды деп күтілуде.

Елшінің айтуынша, «Қазақстан-Катар қарым-қатынасының іргетасы мемлекет басшысының 1998-жылғы мамырда Катарға жасаған ресми сапарының барысында қаланған». «Катар әмірі шейх Хамад бен Халиф аль-Тани жауап сапармен елімізге 1999-жылдың сәуір айында келді, бұл сапар екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға тың серпін берді»,- деді ол.

СІМ өкілінің пікірінше, «қазір екі мемлекет арасында сенімді саяси диалог орнаған, экономика және мәдени-гуманитарлық саладағы байланыстар ілгерілеп келеді».


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті