Қазақстан президенті 17-18-қаңтарда ресми сапармен Ресейге барады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.74
  • 599.36
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті 17-18-қаңтарда ресми сапармен Ресейге барады

Қазақстан президенті 17-18-қаңтарда ресми сапармен Ресейге барады

Алдағы аптаның басында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Ресейге барады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Мәскеудегі ақпарат көзі хабарлады.

  • 13 Қаңтар 2005
  • 372
Фото - Caravan.kz

Қазақстан және Ресей президенттері Мәскеу кездесуінде бірқатар екі жақты құжаттарға қол қояды. Олардың арасындағы ең маңыздысы — ұзындығы 7,5 мың шақырымды құрайтын Ресей-Қазақстан мемлекеттік шекара учаскесін делимитациялау туралы келісім болмақ. Бұл құжатқа 2004-жылдың аяғында қол қою жоспарланған болатын.

KZ-today тілшісіне мәлім болғанындай, құжатқа қол қою мерзімінің кешеуілдеуіне Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара сызығын делимитациялау барысында анықталған есепке алынбаған жер учаскелерінің аумақтық бағыныштылығын айқындау түрткі болған.
Сонымен бірге екі мелмекет басшысы бұл кездесуде «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдалану барысында қоршаған ортаны қорғау туралы келісімге қол қояды.
Бұған қоса екі күндік сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев Ресейлік БАҚ басшыларымен кездеседі деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта