Жарияланды: 380

Қазақстан президенті 18-20-қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 18-20-қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Инвестицияға ықпал жасау жөніндегі Қазақстандық "Қазинвест" орталығының ақпаратына сәйкес, сапар аясында 19-21-қаңтарда Абу-Даби қаласында "Қазақстан сіздің сауда-инвестициялық әріптесіңіз" атты бизнес-форум өткізіледі. Елбасымен бірге форумға екі ел министрліктері мен мекемелерінің, сондай-ақ, іскерлік әлемінің өкілдері қатысады. Бірқатар екі жақты кездесулер де өткізілмекші. Бұған дейін хабарланғанындай, 18-22-қаңтарда мемлекет басшысы Сауд Арабиясына ресми сапармен барады делінген-тұғын. Әзірге бұл сапар туралы нақты ақпарат жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін