Қазақстан президенті 18-20-қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады - kaz.caravan.kz
  • $ 439.4
  • 473.54
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті 18-20-қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады

Қазақстан президенті 18-20-қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 18-20-қаңтарда ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 12 Қаңтар 2004
  • 370
Фото - Caravan.kz

Инвестицияға ықпал жасау жөніндегі Қазақстандық «Қазинвест» орталығының

ақпаратына сәйкес, сапар аясында 19-21-қаңтарда Абу-Даби қаласында «Қазақстан сіздің сауда-инвестициялық әріптесіңіз» атты бизнес-форум өткізіледі. Елбасымен бірге форумға екі ел министрліктері мен мекемелерінің, сондай-ақ, іскерлік әлемінің өкілдері қатысады. Бірқатар екі жақты кездесулер де өткізілмекші.
Бұған дейін хабарланғанындай, 18-22-қаңтарда мемлекет басшысы Сауд Арабиясына ресми сапармен барады делінген-тұғын. Әзірге бұл сапар туралы нақты ақпарат жоқ.

Соңғы жаңалықтар