Қазақстан президенті 2011-жылға дейінгі демократиялық реформалар бағдарламасын халықтың талқысына шығаруды ұсынады - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті 2011-жылға дейінгі демократиялық реформалар бағдарламасын халықтың талқысына  шығаруды ұсынады - толықтырылған нұсқа

Қазақстан президенті 2011-жылға дейінгі демократиялық реформалар бағдарламасын халықтың талқысына шығаруды ұсынады - толықтырылған нұсқа

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005-2011-жылдарға арналған демократиялық реформалар бағдарламасын бүкілхалықтық талқыға шығаруды ұсынады. Бүгін, 1-қыркүйекте кезекті парламент сессиясының ашылуына арналған қос палатаның бірлескен отырысында мемлекет басшысы осындай ұсыныс жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 447
Фото - Caravan.kz

Президенттің айтуынша, «бұл бағдарлама сатылы іске асырылуға тиіс және оның нақты бағыттарының аясы барған сайын кеңейе түсуі ләзім».

Н.Назарбаев демократиялық реформалар бағдарламасының аясында «жергілікті өзін-өзі басқару үрдісін дамыта түсуді» ұсынады. Сонымен бірге мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті шектеуге бар назарды шоғырландырып, бюджетаралық қарым-қатынастардың тиімді жүйесін қалыптастыру қажет, деп санайды президент.
Сонымен бірге Н.Назарбаев мәслихаттардың өкілетілігін арттыруды, әкімдердің жыл сайын халық алдында есеп беру үрдісін енгізуді ұсынды.
Мемлекет басшысының пайымдауынша, жалпыұлттық бағдарлама аясында парламенттің құзыреті аясын кеңейту қажет. Парламенттің қос палатасы депутаттарының санын көбейтуге мүмкіндік бар, деді президент.
Президент әкімдерді сайлау үрдісін енгізу «билікті халық алдында есеп беруге міндеттеуге жағдай жасайды», деген пікірде.
Саяси партиялардың ролі мен функцияларын арттыруға, үкіметтік емес ұйымдардың дамуына жағдай жасауға, тәуелсіз БАҚ-тардың дамуы мен нығаюына шаралар қолдану қажет, деді Елбасы.
Сонымен бірге Н.Назарбаев алдағы үш жылда азаматтардың құқығын қорғау бағытында кешенді шараларды іске асыруды ұсынды.
Демократиялық реформалар бағдарламасының аясында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама жобасын жасау абзал, деді президент. Бұл ретте жекешелендіру, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындардың іс-қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету қажет, деп санайды Н.Назарбаев.

Перейти к новостям спорта