Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннен құттықтау жеделхат келді. Ресей президенті Н.Назарбаевты мерейтойымен құттықтап, оған зор денсаулық , бақыт пен ырыс тіледі, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
«Ресейде сізді еліміздің шынайы досы, екі жақты байланыстардың бай дәстүрлерін нығайта түсуді табанды әрі белсене қолдайтын, өзара тиімді әрі көп қырлы Қазақстан -Ресей қарым-қатынастарын дамытуды түбегейлі қолдаушы ретінде таниды. Өзара етене жақын достық байланысымызды жоғары бағалаймын»,- делінген жеделхатта.
«Сіздің мемлекеттік және саяси іс-қызметтегі бай тәжірибеңіз бен күш-қуатыңыз бұдан былай да Қазақстан мен Ресей арасындағы тату көршілік және стратегиялық әріптестікті дамыту ісіне , Біртұтас экономикалық кеңістік, ЕурАзЭҚ, Ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі келісім ұйымы мен ТМД шеңберіндегі одақтастық ықпалдастық пен интеграциялық процесстерді тереңдетуге қызмет ете береді деп сенемін»,- деді В.Путин.
Қазақстан президентінің атына Біріккен Араб Әмірліктері билеушісінің інісі шейх Хамед бин Заед мырзадан да жеделхат келді. Онда атап көрсетілгеніндей, адал ниет пен достық белгісі ретінде билеуші отбасы Қазақстан мемлекет басшысына таза қанды араб тұлпарын сыйлайды. Ал арабтар үшін пырақ сыйлау — ең жоғарғы құрмет белгісі екені мәлім.