Президенттің «Ақ ордасында» өткен мерекелік шараға ҚР үкіметі, президенттің әкімшілігі мен үкімет басшысының кеңсесі қызметкерлері, парламент депутаттары, мәдениет, өнер, спорт, БАҚ және бейресми ұйымдардың өкілдері шақырылды.
Мемлекет басшысы тәуелсіздік алғаннан бері елімізде тұрақтылық пен ынтымақ-бірлікті сақтауға қосқан әйелдердің үлесін ерекше атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысының пікірінше, ел экономикасында да әйелдер еңбегінің үлесі зор, қазір еліміздегі жұмыс орындарының тең жартысынан астамын әйелдер иемденуде. Н.Назарбаев қазір үкіметте үш әйел-министр, 8 министрдің орынбасары, 5 әкім орынбасарлары мен парламент мәжілісіне 5 әйел депутаттың сайланғанын атап өтті. Дейтұрғанмен, президенттің пайымдауынша, «бұл- әлі де аз, сол себепті аталмыш бағытта белсендірек жұмыс істеу қажет».
Шараға қатысушылар президентке жан-жақты қолдауы үшін ризашылық білдіріп, халықтың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсарту мен әйелдердің әлеуметтік мәртебесін көтерудегі Елбасы Жолдауының ролін атап өтті. ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Айткүл Самақова президенттің жанынан алғаш рет отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы төрағасының лауазымы енгізіліп, әйелдер ахуалын жақсарту жөніндегі Ұлттық жоспар қабылданғанын айтып өтті.
Н.Назарбаев еліміздің барша әйелдері қауымына отбасындағы баянды бақыт тіледі.