Қазақстан президенті "Ақтөберентген" АҚ аралады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті "Ақтөберентген" АҚ аралады

Қазақстан президенті "Ақтөберентген" АҚ аралады

Ақтөбе. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Ақтөберентген" АҚ аралады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2008
  • 653
Фото - Caravan.kz

«Ақтөберентген» АҚ атқарушы директоры Марс Махмутовтың айтуынша, кәсіпорын негізінен медициналық мақсаттағы аппаратураларды өндіреді.

«Біз бұрын өнеркәсіптік рентген-техниканы өндіретінбіз, ал қазір оны шығармаймыз. Санкт-петербург электрофизикалық аппаратура ҒЗИ-ымен бірлескен жобамыз бар — кеден жүйелері үшін инспекциялық-тексеру кешенін шығарамыз. Әрбір кешеннің құны $3 — 5 млн тұрады», -деді М. Махмутов.

«Ресеймен бірлескен бірнеше жобамыз бар — Санкт-петербург ҒЗИ, Новосибирскідегі академқалашықтағы Будкер атындағы Ядролық физика институтымен бірлескен жобаларымыз бар. Сонымен бірге біздің Орынборда рентген-аппараттар шығаратын екі кәсіпорнымыз, Мәскеуде өкілдігіміз бар», — деді ол.

М. Махмутовтың мәліметінше, компания өз өнімдерін Ресей, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Армения, Түркия, Болгария, Қытайға экспорттайды.

2008 жылы өндіріс өсімі 2007 жылмен салыстырғанда 37% құрады.

«Біз Қазақстанның Ұлттық инновациялық қорымен келешегі бар жобалар бойынша 2009 — 2011 жылдары бірлесе жұмыс істемекшіміз», -деді М. Махмутов.

Зауыт 1941 жылы Мәскеуден эвакуацияланған. Медициналық өнімдер шығаруға соғыстан кейін ден қойған.

Басты бәсекелестері : General Electric, Siemens, Toshiba және Shimastu.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар