Қазақстан президенті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуы қабылдайтын құжаттардың маңызын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуы қабылдайтын құжаттардың маңызын атап өтті

Қазақстан президенті Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуы қабылдайтын құжаттардың маңызын атап өтті

Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуы қабылдайтын өзара сенім шараларының каталогы "Азия құрлығындағы қайшылықтарды жою мен өзара сенімді нығайтудың басты құралына айналады". Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 22-қазанда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдердің министрлерінің бас қосуы барысында пікір білдірді.

  • 22 Қазан 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаевтың айтуынша, «бұл құжатта Азия құрлығындағы мемлекеттер әскери-саяси, экономикалық, гуманитарлық және басқа да салалардағы шаралар кешенін айқындады».

«Құжат осы аймақтағы өзара тиімді ынтымақтастық пен тату көршілікке тың көкжиектер ашады»,- деді Н.Назарбаев. «Ол дүниежүзілік қауымдастықтың халықаралық лаңкестікке қарсы күреске бағытталған күш -жігерін дер кезінде толықтырумен бірге Азия құрлығын аталмыш кесапатқа қарсы біріктіре отырып, жаңаша қауіп-қатерлерге қарсы бірлескен күрес ісіне қосқан маңызды үлеске айналады»,- деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Елбасы бұл жолғы кездесуге қатысушылар «бұдан маңызы бір де кем түспейтін тағы бір құжат — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымы процедураларының ережелерін де қабылдайтынын» еске салды.
«Сол арқылы Кеңесті ұйым тұрғысында рәсімдеу аяқталып, хатшылықты құру нәтижесінде Өзара сенім шаралары Каталогының принциптері туралы декларацияны іске асыруға, форумға басқа да мемлекеттерді мүшелікке қабылдауға жол ашылады»,- деді президент.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қазір ұйымға Ауғанстан, Әзербайжан, Египет, Үндістан, Израиль, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Таиланд, Өзбекстан тәрізді 17 мемлекет қамтылады. Ұйымға бақылаушы мәртебесіне Малайзия, АҚШ, Оңтүстік Корея, Жапония, Индонезия, Украина, Вьетнам, Филиппины, Сингапур, Сауд Арабиясы және Шри-Ланка елдері мен бірқатар халықаралық ұйымдар ие болған. Алматыдағы бас қосуға Египеттен өзге барлық мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлері келді.

Перейти к новостям спорта