"Мен кім-кімді де қызметке тағайындасам, оның жеміс əкелуін талап етемін. Менің қызметке тағайындаудағы қағидатым осы. Егер тағайындалған адам қызметінде жеміс əкелмесе, оны ары қарай жоғарлатудың қажеті жоқ. Сондықтан мен жауапты қызметке алдыңғы қызметінде жемісті жұмыс істеген адамдарды тағайындауға тырысамын. Əрине, ол адамның білімі, өмірдегі тəжірибесі, көрген-білгені ескеріледі. Адами қасиеттеріне де қарауға тырысамыз", — дейді Елбасы.
Бұл ретте, Президент атап өткендей, құқық қорғау қызметкерлері мен ұлттық қауіпсіздік сияқты органдағы қызметкерлер арнайы тексеруден өтетіні тағы бар.
"Мемлекеттік қызмет туралы" заң қабылданды. Оған өзім қол қойдым, енді 1 қаңтардан бастап жұмыс істейді. Енді жұмысқа қабылданатын қызметкердің конкурстан өтуі, сынақ мерзімі — бəрі саты-сатысымен жүзеге асады", — деп атап өтті Президент.
Соңғы жаңалықтар
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
25 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр
Жаңалықтар
24 Сәуiр