Caravan Logo

Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Қазақстан президенті бірқатар тағайындаулар жасады

Атап айтсақ, президенттің өкімімен Ратмир Әлімханұлы Комратов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды және ол "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Әлімжан Қанағатұлы Ерниязов "Батыс" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды;

Әлихан Бірімжанұлы Жарболов "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы болып тағайындалды;

Ерлан Тынымбайұлы Қарин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Болат Керімжанұлы Дарбеков "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды;

Асхат Өлмесұлы Шойынбаев Ұлттық қорғаныс университетінің бастығы қызметінен босатылды.