Сұхбат барысында Т.Оразаев Болгария мемлекет басшысына Н.Назарбаевтың таяудағы Қазақстан халқына арнаған жолдауы ел ішіндегі алдағы реформалардың бағдарламалық құжаты екенін хабарлады. Болгария президентіне жолдаудың толық мәтіні табыс етілді.
Өз тарапынан Г.Пырванов Н.Назарбаевқа экономикалық және саяси реформалар ісінде табыс тілеп, Қазақстан президентін Болгарияға сапармен келіп қайтуға шақырды.