Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның жаңа мерзімге сайлануын қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның жаңа мерзімге сайлануын қолдайды

Қазақстан Президенті БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның жаңа мерзімге сайлануын қолдайды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунға жеделхат жолдап, онда Астананың осы әмбебап ұйымның алдағы уақыттағы дамуына тұжырымды көзқарасын және оның қазіргі басшысының жаңа уәкілетті мерзімге сайлануын қолдайтынын білдірген.

  • 15 Маусым 2011
  • 282
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

ҚР Президентінің пікірінше, БҰҰ бүгінгі таңда жаһандық қарым-қатынастың баламасыз құралы болып табылады, бұл ұйым аясында адамзаттың өзекті мәселелерін шешудегі халықаралық күш-жігерге Қазақстан белсенді ат салысатындығын көрсетеді. Осыған байланысты Н.Назарбаев «БҰҰ жұмысының тиімділігін арттыру мен оның қазіргі ығыттар және қауіп-қатерлерге ықпал ету мүмкіндігін күшейтуге бағытталған» Пан Ги Мунның жұмысына сәттілік тіледі.

Соңғы жаңалықтар