Қазақстан президенті экономикалық жаңартуларды пәрмендендіру бағдарламасын ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті экономикалық жаңартуларды пәрмендендіру бағдарламасын ұсынды

Қазақстан президенті экономикалық жаңартуларды пәрмендендіру бағдарламасын ұсынды

Бүгін, 18-ақпанда халыққа арнаған жыл сайынғы жолдауын жария еткен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық жаңартуларды пәрмендендіру бағдарламасын ұсынды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Ақпан 2005
  • 453
Фото - Caravan.kz

«Бағдарламаның мақсаты — еліміз азаматтары үшін тұрмыстық стандарттарды арттыра отырып, Қазақстанды дүниежүзіндегі қарқынды дамып келе жатқан елдердің қатарына қосу болып табылады»,- деді мемлекет басшысы. «Біз бұл мақсатқа ұлтымыз бен экономикамыз бәсекелестік қабілетке ие болған жағдайда ғана қол жеткізе аламыз»,- деді ол. Н.Назарбаев 2010-жылға дейінгі экономикалық даму бағдарламасын еліміздегі экономикалық жаңартуларды бәсекелі пәрмендендіру бағдарламасымен сабақтстыру қажеттігін атап өтті.

«Біз еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыра бастадық. Жекелеген салаларға басымдық бере отырып, бәсекелі экономика құру үлгісін таңдау арқылы Қазақстандық кластерлер жүйесін дамытуға негіз қаладық»,- деп жалғастырды өз сөзін Елбасы. «Біз биылғы жылдың ортасына дейін туризм, мұнайгаз саласындағы машина жасау, азық-түлік және тоқыма өнеркәсібі, транспорт- логистика қызметі, металлургия және құрылыс материалдары тәрізді сегменттерде 5-6 кластер құрып дамытуға бағытталған жоспарды жасап шығуға тиіспіз. Дәл осы салаларда біз экономикалық жүйемізді құрумыз қажет. Бұл — еліміз экономикасының шикізат өндіруден басқа салаларда ұзақ мерзімді маманданатын салалары болмақ»,- деп мәлімдеді Н.Назарбаев. Осыған байланысты «біз экономиканы, экономикалық даму мен ұлттық инновациялық жүйені басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін құра бастадық»,- деді ол.
Мемлекет басшысының айтуынша, «елімізде қазір индустриялық-инновациялық даму саласының инфрақұрылымы қалыптасты деуге болады». Мемлекеттік даму институттарының капитал қоры 730 млн. долларды құрайды. Инвестициялық жобалардың қоржыны 1,2 млрд. долларға жетті. 2004-жылы елімізде 204 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, олардың тең жартысы мемлекеттік даму институттарының қолдауына ие болды.

Перейти к новостям спорта