Қазақстан президенті еліміздегі алғашқы Астана-Щучинск автобанының барлық 6 жолағы бойынша қозғалыстың ашылу рәсіміне қатысты - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті еліміздегі алғашқы Астана-Щучинск автобанының барлық 6 жолағы бойынша қозғалыстың ашылу рәсіміне қатысты

Қазақстан президенті еліміздегі алғашқы Астана-Щучинск автобанының барлық 6 жолағы бойынша қозғалыстың ашылу рәсіміне қатысты

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы Астана-Щучинск автобанының барлық 6 жолағы бойынша қозғалыстың ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қазан 2008
  • 542
Фото - Caravan.kz

ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов өз сөзінде қазіргі уақытта жол құрылысындағы негізгі жұмыстардың аяқталғандығын және осы күннен бастап бетон жамылғысы қатаюдағы кейбір учаскелерден өзге барлық 6 жолақ бойынша қозғалыс ашылғандығын атап өтті. Жалпы жобаны жүзеге асыруды толық аяқтау мен пайдалануға беру 2009 жылға жоспарлануда.

Астана-Щучинск автожолының ұзындығы 224 шақырым, оның 6 жолақты қозғалысы бары 215 шақырым, ал 4 жолақты жолы — 9 шақырым. Жобаның жалпы құны 115 млрд. теңге. Автомагисталь сағатына 150 километрге дейін шапшаңдықпен жүруге мүмкіндік береді.

Ұзақтығы 96 шақырымдық «Астана-Шортанды» және «Макинск-Щучинск» учаскелерінде неміс технологиясы бойынша цемент-бетон жамылғысы жасалды. Қалған асфальт-бетон жамылғысының жоғарғы қабаты мықты қиыршық-мастикалық асфальт-бетоннан (ҚМА) төселді.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қиылыстар мен қосалқы жолдармен түйісетін тұстары әртүрлі деңгейде орналастырылған, ол үшін 23 көлік айрығы жасалған. Автостраданың өн бойында жолды бөлетін жолақта және жол жиегінде тосқауыл қоршаулар ойластырылған.

2006-2007 жылдары 47 млрд. теңге игерілді және 3 жаңа жолақ бойынша 205 км жолда қозғалыс ашылды.

2008 жылы жобаны жүзеге асыру үшін 41 млрд. теңге бөлінді, оның 9 айда игерілгені 37 млрд. теңге.

Нысанда 5 цемент-бетон және 11 асфальт-бетон зауыты, 20 тас уатқыш қондырғы 1,4 мыңнан астам техника жұмыс жасап, 3,5 мыңдай, оның ішінде 500 шетелдік мамандар тартылған.

Құрылыс барысында 1,6 млн. тонна цемент-бетон және 2 млн. тоннадан астам асфальт-бетон мен қара қоспа салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар