Қазақстан президенті еліміздегі алғашқы Астана-Щучинск автобанының барлық 6 жолағы бойынша қозғалыстың ашылу рәсіміне қатысты (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті еліміздегі алғашқы Астана-Щучинск автобанының барлық 6 жолағы бойынша қозғалыстың ашылу рәсіміне қатысты (толық нұсқасы)

Қазақстан президенті еліміздегі алғашқы Астана-Щучинск автобанының барлық 6 жолағы бойынша қозғалыстың ашылу рәсіміне қатысты (толық нұсқасы)

Астана. 14 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстандағы алғашқы Астана-Щучинск автобанының барлық 6 жолағы бойынша қозғалыстың ашылу рәсімі болып өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 14 Қазан 2008
  • 793
Фото - Caravan.kz

ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов өз сөзінде қазіргі уақытта жол құрылысындағы негізгі жұмыстардың аяқталғандығын және осы күннен бастап бетон жамылғысы қатаюдағы кейбір учаскелерден өзге барлық 6 жолақ бойынша қозғалыс ашылғандығын атап өтті. Жалпы жобаны жүзеге асыруды толық аяқтау мен пайдалануға беру 2009 жылға жоспарлануда.

Астана-Щучинск автожолының ұзындығы 224 шақырым, оның 6 жолақты қозғалысы бары 215 шақырым, ал 4 жолақты жолы — 9 шақырым. Жобаның жалпы құны 115 млрд. теңге. Автомагисталь сағатына 150 километрге дейін шапшаңдықпен жүруге мүмкіндік береді.

Ұзақтығы 96 шақырымдық «Астана-Шортанды» және «Макинск-Щучинск» учаскелерінде неміс технологиясы бойынша цемент-бетон жамылғысы жасалды. Қалған асфальт-бетон жамылғысының жоғарғы қабаты мықты қиыршық-мастикалық асфальт-бетоннан (ҚМА) төселді.

Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қиылыстар мен қосалқы жолдармен түйісетін тұстары әртүрлі деңгейде орналастырылған, ол үшін 23 көлік айрығы жасалған. Автостраданың өн бойында жолды бөлетін жолақта және жол жиегінде тосқауыл қоршаулар ойластырылған.

2006-2007 жылдары 47 млрд. теңге игерілді және 3 жаңа жолақ бойынша 205 км жолда қозғалыс ашылды.

2008 жылы жобаны жүзеге асыру үшін 41 млрд. теңге бөлінді, оның 9 айда игерілгені 37 млрд. теңге.

Нысанда 5 цемент-бетон және 11 асфальт-бетон зауыты, 20 тас уатқыш қондырғы 1,4 мыңнан астам техника жұмыс жасап, 3,5 мыңдай, оның ішінде 500 шетелдік мамандар тартылған.

Құрылыс барысында 1,6 млн. тонна цемент-бетон және 2 млн. тоннадан астам асфальт-бетон мен қара қоспа салынды.

Автобанның апатсыз жұмыс жасауы үшін интеллектуалды көлік жүйесін (ITS немесе «ақылды жол» аталады) енгізу жоспарлануда, яғни бүкіл жол бойына видеобақылау, жылдамдық режиміне және қозғалыстағы автокөлік құралдарының салмақ өлшемдеріне бақылау орнату, апаттық жағдайда шақыру байланысын орнату, қозғалысқа қатысушыларды жол мен ауа райы жағдайы жөнінде хабардар етіп отыру көзделген. Бұл жүйе жол қозғалысын қолма-қол басқарып отыруға мүмкіндік ашады.

Бұл жобаны концессиялық негізде, яғни концессионерге жолмен жүру ақысын жинауға, жолды күтіп-ұстау мен пайдалану құқығын беру арқылы жүзеге асыру ұсынылады.

Қазіргі уақытта концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі аяқталып қалды, желтоқсан айында ықтимал концессионерді тарту бойынша конкурс жариялау жоспарлануда.

Бүгінде бұл жобаны жүзеге асыруға Францияның (Алкател), Сингапурдың (Сингапуртехнолоджи), Австрияның (Капш), Хорватияның компаниялары және мұндай жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесі бар басқа да шетел фирмалары қызығушылық танытуда.

Жобаның аясында жол бойы қызмет көрсету үшін 3 қазіргі заманғы кешен салу көзделген, оларда кемпинг, тамақтану орталығы, жанар-жағармай станциясы, техникалық қызмет көрсету станциясы және автотұрақ қарастырылған.

Бұл жобаны жүзеге асыруда жаңа материалдар мен озық технологиялар қолданылған. Жобаны жекеменшік инвестициялар есебінен жүзеге асыру жопарлануда.

Концессия мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі Елбасы Н.Назарбаев қол қойған заң кедергілерді алып тастауға және концессионерлерді мемлекет тарапынан қолдауды жетілдіруге мүмкіндік тудырды. Ал ақылы жолдар енгізгенде ақысыз балама жол болу қажеттігі алынып тасталғаны автомобиль жолдары жобаларының құнын азайтады. Қазіргі уақытта қосымша нормативтік құқықтық актілер топтамасын қалыптастыру және концессиялық жобалар тізбесін жасау аяқталып қалды.

Автожолдар саласында барлық сомасы 1,1 трлн. теңгенің 10 концессиялық жобасын 3 кезеңде жүзеге асыру көзделуде.

Бірінші кезеңде ағымдағы жылдың қараша айында конкурс жариялап, 2009 жылдан бастап ҚР президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған жолдауында айтылған жобаларды нақты жүзеге асыру жоспарлануда. Ол жобалар — «Астана — Қарағанды», «Алматы — Қапшағай», «Алматы — Қорғас» автожолдарын қайта салу, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолын (ҮАААЖ) салу.

Желтоқсан айында 4 жобаға конкурс жарияланады: «Ташкент — Шымкент — .Жамбыл облысының шекарасы», «Бейнеу-Актау», «Орал-Озинки» автожолдарын қайта салу және Астана-Щучинск автожолында АКЖ (ақпараттық көліктік жүйе) салу. Қалған 2 жоба 3-ші кезеңде жүзеге асырылады.

Қыркүйек айында «Трансевразия — 2008» халықаралық конференциясының аясында ықтимал инвесторлар үшін концессиялық жобалардың тұсаукесері өткізілді.

Ықтимал инвесторлармен күнделікті кездесулер өткізіліп келеді, олар аталған жобаларға қызығушылық танытып, жобаларды жүзеге асыруға ынта білдіруде.

Автожол саласындағы ең ірі жоба — «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізін салуды жүзеге асыру ісі басталды.

2007 жылдан бастап ұзындығы 215 шақырымдық «Қарабұтақ — Ырғыз — Қызылорда облысының шекарасы» учаскесінде жұмыс жасалуда.

Басқа учаскелердегі қайта салу жұмыстарын жүргізу үшін ҚР Көлік және коммуникация министрлігі үш көзден қаржыландыруды ұсынып отыр: республикалық бюджеттен, сыртқы несие мен концессиялық негізде жекеменшік инвестицияларды тарту. Бұл аталған дәліздің дамуын тездетеді және бюджетке түсетін салмақты едәуір азайтады.

Қазіргі уақытта халықаралық қаржы институттарымен келіссөздер жүргізілуде. Жұмыс бастауды тездету үшін осы жылдың аяғына дейін банктермен келісім-шарттар жасасып, оларды парламентте ратификациялау жоспарлануда. Сонымен қатар консультанттар мен мердігерлік ұйымдарды таңдауға конкурстар жарияланады. Бұл келесі жылдың бірінші тоқсанында келісім-шарттар жасасып, жұмылдыруды бастауға мүмкіндік береді.

Ұсынылған кесте бойынша жобаны жүзеге асыру 2013 жылы аяқталып, 2463 шақырым қазіргі заманғы сапалы жол пайдалануға берілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар