Қазақстан президенті еліміздің мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтады (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті еліміздің мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтады (толық нұсқасы)

Қазақстан президенті еліміздің мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтады (толық нұсқасы)

Астана. 30 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің мұсылмандарын Ораза айтпен құттықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Қыркүйек 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

«Еліміздің барлық мұсылмандарын бүгінгі тамаша мереке — Ораза айтпен құттықтаймын», — деді президент «Нұр-Астана» мешітіндегі таңертеңгі намаздан кейін.

«Исламның бес парызының бірін бір ай бойы орындап, ораза тұтып, енді бүгін міне мерекелеп жатқан жамағатқа тілеген барлық тілектері мен жасаған дұғалары Алланың құлағына шалынсын деп және елімізде адамдар мен діндер арасындағы достық сақталып, еліміздің гүлденуі үшін еңбек етейік деп тілеймін», -деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысы баршасына бақыт пен ырыс тіледі.

«Барлық діндердің философиясы ортақ — ол — достық, бірін-бірі құрмет тұтып сыйлау, жақынына жәрдемдесу», — деді президент.

Елбасы қазір жастардың мешітке көптеп келетін болғанын атап өтті. Қазақстанда тәуелсіздік жылдарында 2300 мешіт, 4 медресе ашылып, тиісті мамандар оқытылып жатыр.

Мемлекет басшысы ел халқын төзімділікке шақырып, елімізде тұрақтылықты сақтауға үлес қосуға үндеді.

Бүгін — мерекенің бірінші күні. Еліміздегі барлық мешіттерде салтанатты намаз оқылды. Бұл — Истамдағы ұлық ай- Рамазан аяқталған күн.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар