Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлесі үшін «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлесі үшін «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Қазақстан Президенті ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлесі үшін «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жыл адамы» ұлттық сыйлығының лауреаты атанды.

  • 14 Қараша 2012
  • 490
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Сонымен қатар, «Мемлекеттік саясат» аталымы бойынша «Жыл адамы» атағына Ресей Федерациясының Президенті В.Путин мен Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко ие болды. Үш мемлекеттің көшбасшылары ЕурАзЭҚ пен Кеден одағын құруға қосқан үлестері үшін марапатталды.

Қазақстан Президенті Сарапшылар кеңесінің мүшелері мен лауреаттарға жолдаған жеделхатында Ұлттық сыйлықтың берілгені үшін алғысын білдірген және Кеден одағына мүше елдер көшбасшыларының жеңісі еуразиялық интеграцияның маңызды екенін тағы да көрсетіп бергенін атап өткен.

«Бұл бірлестік біздің мемлекеттеріміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына елеулі ықпал ете отырып, өзінің тиімділігі жоғары екенін іс жүзінде дәлелдеді» делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағының одан әрі дамуы Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқатының өсуіне ықпалын тигізетініне сенім білдіреді.

«Жыл адамы» ұлттық сыйлығын Орыс биографиялық институты 1993 жылы бекіткен және стратегиялық мәні бар — ғылым, мәдениет, мемлекеттік басқару, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қайырымдылық, ағартушылық қызмет салаларындағы жетістіктері үшін беріледі.

Өткен жылғы сыйлықтың лауреаттары қатарында Мәскеу және бүкіл Ресей Патриархы Алексий Екінші, жазушы Александр Солженицын, академик Жорес Алферов пен Лео Бокерия және өзге көрнекті қоғам қайраткерлері, ғалымдар, ірі кәсіпорындар басшылары бар.

Соңғы жаңалықтар