Қазақстан президенті Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады

Қазақстан президенті Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері жөніндегі арнаулы өкілін қабылдады

Бүгін, 27-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері жөніндегі арнаулы өкілі Ян Кубишті қабылдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 616
Фото - Caravan.kz

Кездесуде Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ықпалдастықтың қазіргі ахуалы мен келешегі, сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту және Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өту мәселелері сарапқа салынды.

«Біз үшін Қазақстанның Еуропалық Одақпен арадағы қарым-қатынастарды барлық бағыттар бойынша дамытуға мүдделілігінің маңызы зор. Оның үстіне біз байланысты мәре басынан бастағалы отырған жоқпыз. Оны тек тереңдете түсу қажет. Қазақстанынң осындай ұстанымы мен кездесуде президенттің айтқандары Еуропалық Одақтың Орталық Азия елдері жөніндегі арнаулы өкілі ретіндегі менің жұмысыма жақсы алғышарт болмақ»,- деді Ян Кубиш.
«Қазақстан президенті Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуде Еуропалық Одақ тарапынан қолдау күтеді. Бұл мәліметтерді Еуропалық Одаққа мүше елдердің назарына ұсынуға мен дайынмын және оған қуанамын»,- деді өкіл.
Кездеуде сайлау мәселесі де талқыланды. «Мен Қазақстан президентінің «Қазақстан азаматтары үшін еркін, әділетті әрі бәсекелі сайлау өткізуді қамтамасыз ету құқығын жүзеге асыру шаралары туралы» жарлыққа 9-қыркүйекте қол қойғанын атап өткім келеді. Ол сайлаудың әділетті өткізілуіне арқау болмақ»,- деді Ян Кубиш.
Бүгін түстен кейін арнаулы өкіл ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен кездесті.

Перейти к новостям спорта