Қазақстан президенті Германия канцлерін "Алтын қыран" орденімен марапаттады
Бүгін, 5-желтоқсанда Астанада Қазақстан-Германия бизнес-форумын ашқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германия канцлері Герхард Шредерді "Алтын қыран" орденімен марапаттады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан. |
Елбасы осынау мемлекеттік марапатты табыс ете отырып, Германия кацлеріне екі жақты байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін ризашылық білдірді. "Германия канцлерінің осынау тарихи сапары екі жақты қарым-қатынасты дамытуға ауқымды үлес болып қосылады",- деді Елбасы.
Н.Назарбаев Қазақстан-Германия қарым-қатынасының болашағы зор деп баға берді.
"Біз Германия еліміздің Еуропадағы сенімді серіктесі деп білеміз",- деді президент.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін