Қазақстан президенті ғарышкерліктен үміткерлермен кездесу өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті ғарышкерліктен үміткерлермен кездесу өткізді

Қазақстан президенті ғарышкерліктен үміткерлермен кездесу өткізді

Бүгін 20-қазанда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкерліктен үміткер қазақстандықтар Мұхтар Аймахановпен, Айдын Айымбетовпен және Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау жөніндегі Ресей мемлекеттік ғылыми-зерттеу орталығының ғарышкерлер отрядының командирі Юрий Лончаковпен кездесті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 20 Қазан 2004
  • 439
Фото - Caravan.kz

«Біз Қазақстан президентімен кездесуде алдағы 2-3 жылға созылатын ғарышкерлерді дайындау жұмыстары турасында пікір алмастық»,- деді Ю.Лончаков.

Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері Талғат Мұсабаевтың KZ-today тілшісіне берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, «үміткерлер алғашқы сатыда 2 мыңнан астам адам арасынан іріктелді. Ал дәрігерлік комиссияға 850-дей адам жіберілді. Нәтижесінде төрт адам іріктеліп, қазір олардың екеуі Ю.Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығында оқып жатыр. Жігіттердің мүмкіндігі жақсы. Жан-жақты әзірліктен өтті»,- деді ол.
«Қазақстандық үміткерлердің жалпы ғарыштық дайындықтары 2005-жылдың мамыр айында аяқталады. Бұдан соң мемлекеттік емтиханнан өтіп, ғарышкер-зерттеуші деген диплом алғаннан кейін олар топ аясындағы әзірлікке көшеді. Осыдан кейін барып экипаждық дайындыққа ден қояды. Осының барлығына 5-6 жыл сарп етіледі»,- деді Ю.Лончаков.

Перейти к новостям спорта