Қазақстан президенті Грузиядағы саяси дағдарыстың бейбіт жолмен аяқталғанына қанағаттанады - «Kazakhstan Today» агенттігі» ЖШС
  • $ 448.56
  • 478.03
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Грузиядағы саяси дағдарыстың бейбіт жолмен аяқталғанына қанағаттанады

Қазақстан президенті Грузиядағы саяси дағдарыстың бейбіт жолмен аяқталғанына қанағаттанады

"Грузиядағы саяси дағдарыстың бейбіт жолмен аяқталуына жағдай жасаған грузин халқының зайырлы саясатына біз қанағаттанғандық сезімімізді білдіреміз",- деп мәлімдеді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 22-23-қарашада Грузияда болған саяси оқиғаға қатысты Қазақстан басшылығының көзқарасы туралы түсініктемесінде.

  • 25 Қараша 2003
  • 574
Фото - Caravan.kz

Н.Назарбаев сондай-ақ, ахуалдың бейбіт жолмен реттелуіне «Грузияны қантөгіс пен тәртіпсіздіктерден сақтап қалған Эдуард Шеварднадзенің азаматтық жауапкершілігі де өзіндік септігін тигізді»,- деп қадап айтты.

Елбасы «Грузиядағы саяси ахуалдың өрбу барысын Қазақстанның жіті қадағалап отырғанын» атап өтті. Елбасының пікірінше, Грузия халқының әртүрлі топтарының өзара араздыққа жол беруіне елдегі ауыр экономикалық ахуал мен ішкі саяси шиеленіс түрткі болды.
Қазақстан мемлекет басшысы Грузияның жаңадан сайланатын басшылығына ұлттық экономиканы дамытуда, мемлекеттің аумақтық біртұтастығы мен сыртқы саясаттың сабақтастығын сақтап қалуда табыстар тіледі. Н.Назарбаев Қазақстан мен Грузия арасындағы конструктивті достық байланыстар дәстүрі ежелден қалыптасып келе жатқанын атап көрсетті. «Біз екі ел арасындағы экономикалық , саяси және мәдени байланыстарды одан әрі дамытуға ықыластымыз»,- деді Елбасы.

Соңғы жаңалықтар