«Бейбіт, шыдамды, мейірімді әрі әділ дін ретіндегі исламның позитивті бейнесін қалыптастыру үшін бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Ғаламдық және аймақтық деңгейлерде ұлы оқудың бұрмалануына қарсы тұратындай ислам елдерінің жалпы медиялық жобасын жақсылап ойластыратын уақыт келді», деді ол Астанада сәрсенбіде Дүниежүзілік ислам экономикалық форумы шеңберінде сөйлеген кезінде.
«Ғаламдық БАҚ-ның басым бөлігі исламды ұлттық қауіпсіздікке, мәдени және діни қағидаларға төнген қауіп ретінде көрсетеді. Ислам саяси зорлықты, экстремизм мен терроризмді мақұлдайтын дін ретінде көрсетіледі, оған көнуге болмайды», деді президент.