Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне байқау жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне байқау жарияланды

Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне байқау жарияланды

Қазақстан Теннис федерациясы мен Чехияның Lasvit компаниясы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастықтың басталуына Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясы студенттері арасында Теннистен өтетін халықаралық турнирдің - Қазақстан Президенті кубогының үздік дизайніне арналған байқау өткізу түрткі болды.

  • 18 Наурыз 2014
  • 409
Фото - Caravan.kz

ҚР Теннис федерациясының ақпаратына қарағанда, Қазақстан Президенті кубогы жылсайын әлемнің 20 елінің үздік теннисшілерінің басын қосады. Сайыстың жүлде қоры да Азия аумағында ең қомақы  болып есептелінеді.  Турнирдің жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды.

Байқауға ұсынылатын жобалар ағымдағы жылдың 18 сәуіріне дейін табыс етілуі тиіс. Үздік үштіктің есімдері 28 сәуірде белгілі болады. Ал байқау жеңімпазы Чехиядағы Lasvit зауытында болып, кубоктың дайындалуына тікелей атсалысады. 


Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера