«Орталық дін және мәдениет проблемаларымен бірге білім беру, ғылыми-зерттеу және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, дүниежүзіндегі потенциалдық діни шиеленістердің қыр-сырын зерделеумен шұғылдана алар еді»,- деді Қазақстан президенті.
«Орталық жүзеге асыратын маңызды мақсаттар қатарында халықаралық шараларды өткізу, түрлі елдердің дін қайраткерлері мен саясаттағы марқасқалар арасындағы байланыс пен өзара түсіністікке септігін тигізу, кітаптар шығаруды атауға болады»,- деді ол.
Н.Назарбаевтың пікірінше, орталық таяу уақыттарда іске кірісіп, Бейбітшілік пен келісім сарайында орналаса алады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті