Қазақстан президенті Мәскеудегі жарылыстан қаза тапқандардың туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
0 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті Мәскеудегі жарылыстан қаза тапқандардың туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтты

Қазақстан президенті Мәскеудегі жарылыстан қаза тапқандардың туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, онда бүкіл қазақстандықтар атынан және жеке өз атынан кеше, 31-тамызда Мәскеудегі "Рижская" метросы станциясының жанында болған лаңкестік әрекет салдарынан қаза тапқандардың туыс-туғандарына шынайы ниетпен қайғырып көңіл айтқанын жеткізуді сұрады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 402
Фото - Caravan.kz

«Қазақстандықтар Ресей астанасындағы жаңа лаңкестік әрекет туралы ақпаратты зығырданы қайнай қарсы алды»,- делінген құжат мәтінінде. «Халықаралық лаңкестердің қолынан бейкүнә бейбіт тұрғындардың қаза табуы қазіргі заманғы осынау алапат қауіп-қатермен күресте күш біріктіру қажет деген пікір-ұстанымымызды нығайта түсуде»,- деді Елбасы.

Ресейлік БАҚ-тардың мәліметі бойынша, Мәскеудегі кешегі жарылыс салдарынан 10 адамның өмірі қиылып, 51 адам жараланған. Жарылысты жанкешті-әйел жүзеге асырды деген болжам бар.

Перейти к новостям спорта