Қазақстан президенті мәжіліс депутаттарының санын көбейту мәселесін қайтадан қарастыру қажет деп есептейді - kaz.caravan.kz
  • $ 509.94
  • 593.88
-1 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мәжіліс депутаттарының санын көбейту мәселесін қайтадан қарастыру қажет деп есептейді

Қазақстан президенті мәжіліс депутаттарының санын көбейту мәселесін қайтадан қарастыру қажет деп есептейді

АСТАНА. 20 ақпан . Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаттарының санын көбейту туралы мәселені қайтадан қарастыру қажет деп есептейді,деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 20 Ақпан 2007
  • 512
Фото - Caravan.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні өткен Демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның мәжілісінде, «Мен парламенттің шағын әрі кәсіби болуы керек деген ұсынысты қолдаймын. Депутаттардың санын көбейткен жөн бе?Б ұл қаншалықты тиімді болады? Бұл мәселені біз әлі де жіті қарауымыз керек», -деп мәлімдеді.

Н.Назарбаев «сапа мен демократияның санға байланысты емес» екенін атап өтті. «Біз үшін заң шығару жұмысының сапасын қамтамасыз ететін парламенттің инфрақұрылымын , яғни көмекші сараптамалық, зерттеу, ақпарат қызметтерін күшейту маңызды»,-деді президент.

Елбасы Қазақстан халықтары Ассамблеясының өкілдері үшін сенатқа қосымша орын беру туралы ұсынысты қолдады. «Қазақстан халықтары Ассамблеясынан ұсынылатындарға сенаттан қосымша орын бөлу туралы жұмысшы топтың ұсынысы орынды. Парламентте түрлі этнос өкілдерінің болуы, олардың өз проблемалары мен мәселелерін ортаға салуы — менің пікірімше дұрыс»,-деді Н.Назарбаев. «Дәл осындай жолды мәжілісте де ойластыру қажет»,-деді ол.

Сонымен қатар, Елбасы Қазақстан үшін қандай сайлау жүйесінің тиімді болатынын тағы да ойластыруды ұсынды. Н. Назарбаев жұмысшы топтың Қазақстанға пропорционалды-мажоритарлы сайлау жүйесін енгізуді ұсынып отырғанын ескертті. «Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, парламенттің мажоритарлы принцип бойынша құрылуы қос партиялы жүйеде тиімдірек. Пропорционалды жүйе көппартиялы жүйе қалыптаспаған елдерге тән. Біз үшін екеуі де қолайлы. Біз қателеспей, дұрыс қадам жасау үшін мәжіліс депутаттарын сайлаудың екі жүйісінің бірін таңдауымыз керек.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті