Қазақстан президенті мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастағы қайшылықты жоюға, мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы диалогқа шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастағы қайшылықты жоюға, мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы  диалогқа шақырады

Қазақстан президенті мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастағы қайшылықты жоюға, мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы диалогқа шақырады

"Басты назар шиеленістерді реттеуге және гуманитарлық апаттарды жоюға, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастағы қайшылықты жоюға, мәдениеттер, діндер мен өркениеттер арасындағы диалогқа аударылуы тиіс". Бұл туралы бүгін, 22-қазанда Алматыда басталған Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес ұйымына мүше елдер министрлерінің бас қосуында сөз сөйлеген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді.

  • 22 Қазан 2004
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Бай табиғи ресурстар мен ауқымды адами қор шоғырланған Азия құрлығында бір жағынан, түрлі шиеленістердің де әлеуеті үлкен, екінші жағынан біз үшін лаңкестіктің негізгі қайнар көзіне айналған шексіз кедейлікпен, есірткі саудасымен және басқа да әлеуметтік кесапаттармен күреске күш шоғырландыру қажет»,- деді президент. «Бұл аймақ үшін тұрақты әрі жоғары дамыған Ауғанстан, бейбіт әрі гүлденген Ирак қажет»,- деді Н.Назарбаев.

Елбасы бұл мақсаттарды жүзеге асыруға Қазақстанның аймақтық ұйымдардың ролін арттыру, бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғау және БҰҰ Бас ассамблеясының жанынан аймақтық ұйымдардың кеңесін құру туралы бастамалары өзіндік септігін тигізеді дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта