Қазақстан президенті мемлекеттік сапармен Әзербайжанға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мемлекеттік сапармен Әзербайжанға келді

Қазақстан президенті мемлекеттік сапармен Әзербайжанға келді

Бүгін, 24-мамырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік сапармен Әзербайжанға келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Бакуден.

  • 24 Мамыр 2005
  • 360
Фото - Caravan.kz

Жоғары дәрежелі қонақтың құрметіне Баку әуежайында салтанатты қарауыл сап түзеді.

Қазақстан президентін Әзербайжан үкімет басшысы Артур Раси-заде, сыртқы істер министрі Эльмар Мамедъяров, Әзербайжанның Қазақстандағы елшісі Лятиф Гандилов, Әзербайжандағы ҚР елшісі Андар Шоқпытов сынды ресми адамдар қарсы алды.
Бұдан кейін Н.Назарбаев пен Әзербайжан үкімет басшысы Артур Раси-задедің қысқаша хаттамалық кездесуі болды. Осыдан соң Қазақстан президенті мотоциклдер мінген құрметті эскортпен бірге әуежайдан Бакудегі өзіне арналған сарайға бет түзеді.
Қазақстан президентінің Әзербайжанға мемлекеттік сапарының алғашқы күні екі мемлекет басшысы жүзбе-жүз кездеседі деп күтілуде. Бұдан кейін екі ел өкілдерінің кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді.
Сапар аясында екі ел арасындағы 6 келісімге қол қойылып, президенттер бірлескен баспасөз мәслихатын өткізеді.
Бүгін сондай-ақ Н.Назарбаев Әзербайжанның тәуелсіздігі үшін жан қиған боздақтар аллеясы мен құрметті адамдардың бейіттері орналасқан аллеяда Гейдар Әлиевтің қабіріне гүл шоқтарын қояды.
25-мамырда Н.Назарбаев Грузия президенті Михаил Саакашвили және Түркия президенті Ахмед Неджет Сезермен бірге Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырына мұнай жіберуге бағытталған салтанатты рәсімге қатысады.

Перейти к новостям спорта