Қазақстан президенті мен Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Барак Обама телефон арқылы сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мен Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Барак Обама телефон арқылы сөйлесті

Қазақстан президенті мен Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Барак Обама телефон арқылы сөйлесті

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Америка Құрама Штаттарының жаңадан сайланған президенті Барак Обама телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Қараша 2008
  • 667
Фото - Caravan.kz

Нұрсұлтан Назарбаев әріптесін сайлаудағы айқын жеңісімен құттықтап, оған денсаулық және алдағы жауапты қызметіне табыстар тіледі. Мемлекет басшысы Қазақстан тарапының АҚШ-пен арадағы қатынастарды одан әрі дамытуға, екіжақты өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша байланыстарды нығайтуға мүдделі екенін атап көрсетті.

Өз кезегінде, Барак Обама Қазақстан басшысына жылы лебізі үшін ризашылығын білдірді. Ол АҚШ-тың жаңа әкімшілігінің Қазақстанмен әріптестік қарым-қатынасты және ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендігін атап көрсетті.

Әңгіме барысында сондай-ақ жаһандық және өңірлік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан-АҚШ өзара ықпалдастығы, ағымдағы халықаралық саясат мәселелері, сондай-ақ әлемдік қаржы дағдарысының салдарын жою жолдары талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар