«Біз ENI компаниясының Қазақстандағы іс-қызметі, атап айтсақ, Қашаған жобасына қатысты мәселелерді талқыладық»,- деді П.Скарони Елбасымен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында.
Бұған қоса тараптар кездесу барысында ENI компаниясы қатысып отырған басқа да бірқатар жобаларды саралады. «Біз көп жылдан бері жүзеге асырылып жатқан Қарашығанақ жобасына қатысты мәселелерді талқыладық. Қазір біз бұл жобаның үшінші кезеңіне ден қойдық. Демек, еңбек өнімділігі арта түспек»,- деді ол.
Кездесу барысында Қазақстанның мұнайы мен газын тасымалдау мәселелері де қаралды. «Оралға қарай құбыр тартуға қатысты біздің ниетімізді, сондай-ақ, КТК-ны ұлғайту жайын талқыладық»,- деді Италия консорциумының жетекшісі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті